Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

«Алтын таға» базары ашылды

 

Үлкен алаңды алып жатқан базар Астана қаласының іргесіндегі Қосшы селосында орналасқан.

 

1650 шаршы метр алаңда сауда павильондары, ветеринарлық зертхана, қасапхана, шұжық цехы, тоңазытқыш камералары, көкөніс пен жеміс-жидек қоймалары, сондай-ақ, 2500 қойға, 300 бас ірі қара мал мен жылқыға арналған шарбақтар, 500 бас ірі қара мен жылқы қамалатын қоралар, 200 бас ірі қара мен жылқыны бордақылайтын алаңдар орналасқан. Мұндай базар Қазақстанда екеу-ақ. Екінші базар Жамбыл облысының Қордай кентінде.
«Алтын таға» базарында көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық және сүт өнімдері, құс, жұмыртқа, жарма, тұрмыстық химия және халық тұтынатын тауарлар сатылады. Шұжық цехы піскен, жартылай, шикілей сүрленген шұжық, езілген еттен жасалған шұжықша, қазы-қарта, жал-жая, еттен, бауырдан, құс пен балық етінен ұнтақталып істелген тамақ тәрізді тағамдардың елу түрін өндіреді. Цех тәулігіне екі тоннаға дейін өнім өндіре алады. Көкөніс пен жеміс қоймасында мың тоннаға дейін көкөніс пен жеміс сақтауға мүмкіндігі бар. Қойма желдеткішпен, жылыту және салқындату жүйесімен жабдықталған. Қойма бөлмелері өндіруші кәсіпорындардың тауарларын көтермелеп және бөлшектеп сатқанға дейін сақтай алады. Базарда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жайлы жатақхана, жүз адамдық асхана мен екі жүз орындық автотұрақ бар.
«Алтын таға» базары автокөлік жолының бойында. Бұл аумақ күзетіледі. Бейнебақылау камералары орнатылған. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өз өнімдерін тұрақты сатуға және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға жақсы мүмкіндік жасалған. «Алтын таға» әмбебап базары өз кезегінде астаналық және Астана іргесіндегі өңірлерді сапалы әрі экологиялық таза азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6722
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3891553