Күнтізбе

« Маусым 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Материалдар

Бала мұңаймасыншы

 

Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен «Бала арманы» 3-інші қайырымдылық гүлдер балы ұйымдастырылып, одан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға жұмсалатын болды.

 

Көкшетаудағы «Аристократ» мейрамханасында өткен шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен депутаттар қатысты. Осындай қайырымды жандардың басын қосқан бұл шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға қоғамның назарын аудару, қиын жағдайда қалған балаларға қол ұшын беру болып табылады. Сонымен қатар, қайырымдылық балына Көкшетау, Степногорск қалалары мен бірқатар аудандардан арнайы шақырылған делегаттар да игілікті істен аянып қалмады. Мұқтаж жандарға  көмектесуге қашанда әзір екендіктерін жеткізіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай көмек беру үшін ортаға әдейілеп қойылған «жақсылық себетіне» қаржы салды.
Шара әсем әнмен және мың бұралған бимен көркемделіп, айналасын жақсылық лебімен шарпыған маңызды бастамалары үшін облысымыздың іскер әйелдерінің атына алғыс та айтылды.
Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшинаның  айтуына қарағанда, қайырымдылық шарасынан түскен ақша сал ауруымен науқастанған балаларға мидың биоакустикалық коррекциясы аппаратын сатып алуға  жұмсалмақ.
Бұл күні ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың,  мүгедектердің қолымен жасалған қолөнер туындыларына көпшілік зор қызығушылық танытып, көрмеден ұнаған заттарын сатып алып жатты. Бұл да қамқорлыққа мұқтаж балаларға деген өзіндік бір қолдау.
 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6315
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3492665