Күнтізбе

« Маусым 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28 29 30      

Материалдар

XVІII Абай оқулары мен VІII Махамбет оқуларында облыстың талапты балалары бақ сынасты.

  Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Байқауда мектеп оқушылары хәкім Абайдың  өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтса, музыкаға қабілеті бар балалар «Көңілім әнді ұғады» аталымында ұлы ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ал, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында мектеп оқушылары Абайдың шығармашылығына арнап жазған  өлеңдерін оқып, белгілі бір уақыт ішінде Көкшетау мен Шыңғыстау тақырыбында  өлең шығарды. Байқауға облыстың әр өңірінен 107 бала қатысып, өз бағын сынап көрді.
Махамбет Өтемісұлының поэзиясы ерлікке толы. «Ел құтқарар ер едім», «Ұлы арман» және «Тартынбай сөйлер асылмын» аталымдарында оқушылардың қарым-қабілетін бағалаған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессор Аманжол Ыдырысұлы оқушылардың  талабына жақсы баға беріп, осы байқауға қатысып жатқан жас ақындардың өлеңін жинақ етіп шығарса, нұр үстіне нұр болатындығын тілге тиек етті.
Байқау қорытындысы бойынша «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Ерейментау қаласынан келген №2 орта мектептің оқушысы Әнел Алдажұманова жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, «Көңілім әнді ұғады» аталымында Зеренді ауданының Ақадыр орта мектебінің оқушысы Мерей Силам үздік болса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында Краснояр кентіндегі №1 орта мектептің оқушысы Абылайхан Әшімхан бірінші орынды иеленді. Енді жеңімпаздар қыркүйек айында Семей қаласында өтетін республикалық байқауда облыстың намысын қорғайтын болады. Ал, Махамбет оқулары бойынша «Ел құтқарар ер едім» аталымында Бұланды ауданының Шұбарағаш орта мектебінің оқушысы Жансая Хуанбай бірінші орынды жеңіп алса, «Ұлы арман» аталымы бойынша Есіл қаласынан келген №3 орта мектебінің оқушысы Диас Орынбаев  және  «Тартынбай сөйлер асылмын» аталымында Бұланды ауданы Макинск қаласының №5 орта мектебінің оқушысы Азатбек Бергенбек бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6315
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3506121