Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

Басшының керек қасиеті

 

Қоғамға қай кезде де қолынан іс келетін, алысты болжай білетін, сауатты да салауатты, әрқашан сөзі мен ісі қабысып жататын басшылардың керек екендігі айтпаса да түсінікті.

 

Жалпақ жұртқа тән, ел игілігіне бағытталар кез-келген шаруаның ұйытқысы болу, ұжымдағы мамандардың білек сыбана, бірлесе, жұмыла іс атқаруы да осындай басшыларға байланысты. Сонда ғана тұтас ұжымның ісі берекелі болмақ. Әрине, бұл жерде берекенің бастауы бір адамға ғана тән деп айтуға болмас, бірақ, ұжымның әр мүшесінің қабілет-қарымын тамыршыдай дөп басып, бағамдай білу ортақ істің оңғарылуына себепші болып жатады.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов тілектес, ниеттес адамдардан қабілет-қарымы мол ұжым құра білетін, сол ұжымды сүттей ұйытып, топтастыра білетін басшы. Оның қол астында істейтін әріптестері әр кезде Валерий Георгиевичтің ұжымдағы шығармашылық ахуалды қалыптастырып, үздіксіз педагогикалық ізденіске толы еңбектің ырғағын оң бағытқа икемдей білетін білгірлігін үнемі айтып отырады. Жетекшінің жауапкершілігі сайдың тасындай кілең білікті де білгір мамандардан құралған ұжымның ұлағатын арттырып, еңбек өнімділігін еселеуге ықпал етеді. Жалпы, көшбасшылық қасиет кез-келген адамның бойында бола бермеуі де ықтимал. Бірі тапсырылған шаруаны тап-тұйнақтай етіп атқаратын маман болса, екіншісі, өз ізденіс-талпынысы арқылы жаңа көкжиектерге жанын салып ұмтылады. Міне, осындай әрқилы мінез, саналуан қабілет-қарымды тамыршыдай дөп басып, жеңістің желкенін керіп, жетектей білу үшін айрықша сезімталдық керек-ақ.  
Ежелден қалыптасқан машық, айнымас дағды оны кез-келген уақытта іс мүддесін алға қоюға дағдыландырды. Алдына қойған міндет межесінен көрінуге теориялық білімі септігін тигізсе, жетіп артылатын тәжірибенің де өзіндік әсері мол. Оның үстіне басшының бойында өзі атқарып жатқан істің нәтижелі боларына деген сенім мол. Білім мен білік, оған сенім қосылса, тасты жарып тау қопаратындай қажыр-қайратқа ие болар еді.
Бүгінде кәсіби шеберлік туралы жиі айтылып жүр. Иә, шынында да істің тетігін шешетін алдымен кадр екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Бұл жайында бізге дейін де талай айтылған. Күнделікті жұмыс барысынан көріп жүргеніміздей, атқарылуға тиісті жұмыстың бүге-шігесіне дейін жақсы білу, терең түсіну әрдайым нәтижеге жеткізеді. Кәсіби шеберліктің көп адамның қолы жете бермейтін құпиясы да осында. Ал, осы шеберлік деңгейіне жету жолында біздің кейіпкеріміз қаншама тер төкті дейсіз.
Басшының тағы бір жанға жарасымды жақсы қасиеті адамдармен тіл табыса білетіндігі.  Терезесі тең адамдарша тілдесудің өзі әрбір маманның көзқарасын, ішкі жан дүниесін, бітім-болмысын терең түсінуге ықпал етеді. Ұжымдағы әрбір маманмен осылайша тіл табыса білетін сала басшысы олардың бойындағы мүмкіндіктердің шектеулі шегін де жақсы біледі. Тіпті, міндет жүгін мінсіз атқарып, ойлаған жерден оралмай жатса да, оның бойында адамды жерлеп, тым қатты ұрысу да жоқ. Тәжірибесі жоқ жастарға байыппен бағдар сілтеп, өз бойындағы жылдар бойы жинаған жүкті бөлісіп, ақыл-кеңесін айтудан бір сәт жалыққан емес.
Сөз соңын түйіндей келе, барша адамның немесе барша басшының бірқалыптан шығатын, бір-бірінен айнымайтын тұлға еместігін айта кеткім келеді. Сондықтан да, өзгеден оқ бойы озық, өнеге-үлгісі мол тұлғаларға қарап бой түзеу кімге болсын пайдалы болмақ. Сол үшін де Валерий Гамазовтың іскерлік қасиеті, байыпты болмысы хақында аз-кем ой өрбітіп, жазғым келді. Өйткені, өнеге ортақ, үлгі ұлағатты.

Динара ЕСЕНБАЕВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы. 

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6754
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3923606