Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

Ең маңыздысы – адам қауіпсіздігі

 

Зеренді көлінің жағалауында орналасқан «Aurora-GARDEN» демалыс үйінің жанынан судан құтқару қоғамдық бекеті ашылды.

 

Курортты өлке болғандықтан, мұнда жаз айларында демалушылар күрт көбейеді. Осыған орай, Атбасар қаласындағы судан құтқару бекеті Зеренді көліне көшірілді. Бұл бекет қауіпсіздік шарасын ширатуға мүмкіндік береді. Судан құтқару бекетінің ашылу салтанатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов құттықтау сөз сөйлеп, «Апаттан құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Заңына сәйкес, елімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес ерікті апаттан құтқару қызметтері мен құрылымдары, оның ішінде судан құтқару станциялары мен бекеттері құрыла алатынын атап өтті.
– Бұл мәселені шешу жолдарының бірі облыстағы көлдердің жағалауында сауықтыру кешені мен демалыс үйі бар заңды тұлғалар есебінен суға шомылу маусымы кезінде қоғамдық құтқару бекеттерін құру болып табылады. Облыс аумағында тұрғындардың шомылуы, демалуы және балық аулауы үшін пайдаланылатын 754 тоған бар. Өткен жылы осы тоғандарда 29 адам, оның ішінде екі бала суға кетті. Тоғандарда қайғылы жағдайларды болдырмау және мемлекеттік азаматтық қорғаныс саласындағы барлық қызметтің іс-қимылын үйлестіру бойынша алдын алу шараларын уақытында ұйымдастырып, өткізу мақсатында облыста биылғы жазғы маусымның бірлескен шаралар жоспары жасалды. Бұл жоспарда өзге шаралармен бірге өңірдің тоғандарында қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында қоғамдық құтқару бекеттерін құру жұмысы қарастырылған. Қоғамдық құтқару бекеттерін құру және бекеттермен бірге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жүйелі алдын алу шараларын өткізуі адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, облыстың тоғандарында зардап шегушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Біз бүгінгі күні арнайы курстарда жүз жиырмадан астам ерікті судан құтқарушыларды дайындадық, – деген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қоғамдық судан құтқарушы куәлігін «Aurora-GARDEN» демалыс үйінің басшысы Зәмира Шораеваға, Бақтияр Қайроллаев, Павел Самгулов, Владимир Немцов, Рамазан Беріков пен Руслан Некрасовқа табыс етті. Салтанатты шара барысында Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қонақтары мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық судан құтқару бекетін ашып отырған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшыларына алғысын білдірді. Бұдан кейін жиналған жұртқа құтқару техникалары мен қайықтар, сүңгуірлердің қондырғысы мен жабдықтары көрсетілді.

Зеренді ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6754
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3923606