Материалдар

Балаға жете көңіл бөлейік

 

Таяуда бала құқықтарын қорғау жөнінде республикалық бейне-конференция болып өтті.

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева  жүргізіп отырды.  
Модератор соттың шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған балаларды  калонияда  ұстамау қажеттігіне тоқталды.  Керісінше оларға  дұрыс жолды  нұсқап, жақсы  тәлім-тәрбие беру үшін аймақтарда  арнайы  жасөспірімдер үйін ашу қажеттігіне,  кәмелеттік  жасқа толмаған балаларды  сот  отырыстарына  қатыстырмай, олардың жауаптарын бөлек бөлмеде алу  туралы ұсыныс жасады.  
Қазіргі кезде балаларда ғаламтор желісіне деген тәуелділік пайда болып отыр. Ғылым мен технологияның қарыштап дамып жатқан заманында ғаламтордағы ақпараттарды түгелдей өшіріп тастау мүмкін емес. Балалардың компьютердің алдында екі сағаттан көп отырмауы  қатаң қадағалануы керек. Жиын барысында  Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары мен  Астана, Алматы қалаларының балалары көп уақытын компьютер алдында өткізетіндігі  айтылды.
Ата Заңымызда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары  деп атап көрсетілген. Демек, әр   адамның өмірі маңызды. Сондықтан,  бала  бос уақытын қалай өткізіп жатқандығын әр ата-ана біліп, оның  достарын жақсы танып,  баланың өміріне бейжайлық танытпағаны  абзал.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4368303