Күнтізбе

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Материалдар

Майдангерлер мұрасы

Осындай тақырыппен облыс орталығындағы  Мәлік Ғабдуллин  музейінде «Майдангерлер мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Мәдени шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жас сарбаздар қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында ардагерлер мәдени шараның маңызын арттыратын естеліктерін ортаға салып, жиналғандарды ерекше  әсерге бөледі. Өткенсіз болашақ болмайтындығы белгілі. Сан ғасырлар сорабын әспеттеп, тайға таңба басқандай өткеніңді екшеп, бүгініңді саралап отыратын музейлердің адам ғұмырында атқарар қызметі мен ғибраты өлшеусіз. Айта кету керек, облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі танымы мен тағылымы зор әртүрлі инновациялық жобаларымен ерекшеленуде. «Майдангерлер мұрасы» деп аталатын аталмыш көрме де осыған айғақ бола алады. Экспозициялық залда негізінен майдангерлердің құжаттары қойылған. Орден, төсбелгілер, мен отты жылдардан жеткен фотосуреттер, жауынгерлер жазған хаттардың түпнұсқалары және тұтынған заттары көп. Көрме залында экспонаттар жөнінде толық мағлұмат беретін сенсорлы киоск орналастырылған. Бұл дегеніңіз кез келген музейге келуші өзі іздеген Ұлы Отан соғысының ардагері туралы мәліметті осы құрылғының көмегімен оп-оңай тауып ала алады. Жаңашыл тәсіл әсіресе, жастардың зор қызығушылығын арттырып отыр.
Ашылу салтанатында Ұлы Отан соғысының ардагері Жават Габдулкафеев сөз сөйлеп, тағылымы мол орамды ойларын ортаға салды.
– Жасым 92-ге келсе де, еліміздегі елеулі оқиғаларды назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Көркем әдебиетті көп оқимын. Айтпағым, адам баласы ең әуелі өз елінің патриоты болуы керек. Жалындаған жас кезімізде Отанға қауіп төнгенде, біз кеудемізді оққа тосып, ажалға қарсы тұрдық. Майдан даласында жалғыз-ақ тілек бізді алға жетеледі. Ол жеңіске деген құлшыныс, елге деген шексіз сүйіспеншілік, Отанға деген сөз жеткізгісіз құрмет еді. Мен жиналған жастарға тарихты ғаламтордан көз жүгіртіп оқымай, бүгінде қатары сиреген, сол тарихи оқиғаны өз көзімен көріп, өзінің үлесін қосқан аға буынмен жиі кездесіп, ардагерлердің өз аузынан естіген әлдеқайда пайдалы дер едім. Себебі, байқасам, қазіргі таңда тарихи деректерді бұрмалаушылық өте жиі кездеседі. Сол себепті де, елім деп еміренген майдангерлердің еңбегін елеп, осындай көрме ұйымдастырған музей қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді ардагер.
Музей қызметкерлерінің айтуынша, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары мен туған-туыстары тапсырған құнды жәдігерлер баршылық. Мәселен, музей қорында 254 хат болса, майдангерлер туралы кітаптардың өзі 120 қорапшада сақталған. Бұл құнды жәдігерлердің бір парасы ғана.
Музей қызметкерлері ұйымдастырған көрмеден жастар рухани қуат алып тарқасты.
    «Арқа ажарының» өз ақпараты.
 
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6956
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4154241