Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Материалдар

Құрылыс алаңындағы қарбалас

Соңғы кездері облыс көлемінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, әлеуметтік-өндірістік нысандар бой түзеуде. Әсіресе,  тұрғын үйлер мен білім беру, денсаулық сақтау және спорт нысандарының ескілері жөнделіп, жаңасының салынып жатқаны  көңіл қуантады.

Бүгінгі күні көп тірліктің көлемдісі құрылысшылардың қолында деуге әбден болады. Құрыш қолды құрылысшылардың қолымен салынған әсем де, зәулім ғимараттарды көргенде көзің сүйсінеді. Дәулеті мен сәулеті қатар ұштастырылған қазіргі заманғы нысандар көптеп салынуда. Осы орайда, облыс орталығы Көкшетау қаласының бет-бейнесі соңғы жылдарда қалай өзгергені жергілікті тұрғындардың көз алдында. Ескі ғимараттар көз тартар сәнді, әсем үйлерге айналып, қайта түлеуде. Жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып қаланың көркін одан сайын аша түсуде.
«Сарыарқа» шағын ауданында іргесі қаланып жатқан 900 орындық жаңа мектеп  осының бір айғағы іспеттес. Мереке қарсаңында осынау білім ордасының құрылыс алаңында болып, жұмыстың барысымен танысуды жөн санадық. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған аталмыш жобаны қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бас мердігер – «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жалпы, ұлттық қордан мектеп құрылысына  1 миллиард 43  миллион 112  мың теңге қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Қалалық құрылыс бөлімінің құрылыс секторына жетекшілік ететін маман Әсемгүл Естаупованың айтуынша, өткен жылы тек 930 мың теңгесі ғана аударылып, игерілген.  
– Мектеп 7 блокты болып салынады. Аумағы 2,7 гектарды құрайды. Білім ордасы 3 сатылы, атап айтқанда бастауыш, негізгі және жалпы орта білім сатысы бойынша және 3 қатарлас сыныпқа арналып салынады. Қазандық шұңқырларының, техникалық тірек қабырғаларының құрылғыларын орнату жұмыстары аяқталды. Құрылыс 2016 жылдың 18 шілдесінен басталды. 2018 жылдың бірінші тоқсанында мектеп толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі, – дейді «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің прорабы Серік Өсербаев.
Қазіргі кезде құрылыс алаңында 120 адам еңбек етіп жүр. Жұмысшылардың барлығы да өздеріне тиесілі жұмысты ықыласпен орындауда. Біз барғанда Сәрсен Әділовтің сылақшылар бригадасы білім ордасының екінші қабатының еденін құю жұмыстарын бастап кетіпті. Бетоннан құйған еден берік әрі көп жұмысты қажет етпейді.
Ал, кірпіш қалаушылардың екі бригадасы мектептің екінші қабатында қабырғаларын қалауда. Өсербай Әбдірахманов жетекшілік ететін кірпіш қалаушылар бригадасындағы Бекет Қожағұлов, Алдияр Есенов, Нұрлан Қайыров сияқты жігіттердің қимылы ширақ. Осы орайда,  кірпіш қалаушылардың бірін сөзге тартқан едік.
– Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Уақытымызды тиімді пайдаланып, мектеп құрылысын дер кезінде бітіруге барымызды саламыз. Жұмыс қолы мен құрылыс материалдары жеткілікті, – дейді кірпіш қалаушы Мақсат Шүкібаев.
Құрылыс компаниясының прорабы  Серік Өсербаевтың мәлімдеуінше, ғимараттың сыртқы жұмыстарының негізі бөлігі аяқталған.
– Қазіргі уақытта ғимараттың үшінші қабатының қабырғалары мен жоғары техникалық қабаты салынуда. Мектеп қабырғасының қаңқасы монолиттен құрастырылып, кірпішпен қалануда. Суық түскенше терезелері мен есіктерін орнатып, ішкі сылақ жұмыстарына кірісеміз. Сонымен қатар, кәріз және жылу құбырлары тартылады. Құрылыс материалдарының барлығы дерлік отандық өнімдер. Мектеп заманауи үлгіде болғандықтан, химия, физика, математика кабинеттері мен зертханасынан бөлек, спорт залы, стадионы да болады, – дейді Серік Өсербаев.
Үш қабатты ғимараттың төртінші техникалық қабатында Жеңіс Арықбаев Мұратбай Қарабеков бастаған бетоншылар жұмыс істеуде. Ал, Тәңірберген Сайымбетов, Абай Әлібаев, Ринат Дүйсенов желдеткіш жүйесін жасауда. Сондай-ақ, құрылысшыларға тиісті материалдарын алдына қойып беріп отырған тәжірибелі кран жүргізушісі Нұрсұлтан Синаевқа бір тыным жоқ.
Жалпы, құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген біздерге бас мердігер – «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрыш қолды құрылысшыларының ширақ қимылы мектептің белгіленген кестеге сай, сапалы аяқталатынына сенім ұялатқандай болды.

Суреттерде: құрылыс компаниясының прорабы Серік Өсербаев жұмысшыларымен бірге; бетон құюшы Жеңіс Арықбаев.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4338770