Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

Мерекенің мерейін тасытқан шара

Көкшетау қаласында тұңғыш рет халықаралық жастар және құрылысшылар күніне арналған,  қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Қопа көлінің жағасында «OpenAir» шоу концерті өткізілді.

Қос мереке ерекше мазмұнды әрі айрықша көңілді шара болды. Тұңғыш рет өткізілгендіктен бе екен, қала тұрғындары мен жастар және құрыш қолды құрылысшылар мейлінше көп болды. Қызғылықты шара барысында ағымдағы жылдың 3-9 тамызы аралығында жұмысшы жастар арасында өткен «Таланттар алаңы-2017» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Осы күні көкшетаулықтар қазақстандық эстра жұлдыздары Әли Оқапов, «Алау», «Аюми», «VoxAcapella» және «Ziruza» топтарының концертін тамашалады. Әсіресе, жас, талантты әнші Әлидің көкше жастарына ән шырқауы тыңдармандарға тосын сый болды. Заманауи әндерімен жастардың жүрегін жаулаған өзге әншілерде Қопа көлінің жағасын әсем әнге бөледі.
Айталық, осынау жұлдыздарды өңірдегі құрылыс компаниялары кәсіби мерекесіне арнайы шақыртқан. Концерттік бағдарлама соңы «Dj Soulia», «Dj Green» және «Dj Kramp» жастар дискотекасы мен мерекелік от шашуға ұласты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909721