Жан-жақты дамытуға бағытталған

Аудан орталығы Макинск қаласындағы №4 орта мектептің қосымша ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, онда балалардың бос уақытын өткізуге арналған шығармашылық мекемелер жұмыс істей бастады. 

Ғимаратты қайта жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 110 миллион теңге қаржы бөлінді. Осы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған ғимаратта қазір оқушылардың бос уақыттарын пайдалы өткізуге және интеллектуалдық жағынан дамуына бағытталған үш мекеме жұмыс істейді. Олар балалардың музыка мектебі, шығармашылық үйі және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.
Осы мекемелердің салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Қуандық Испергенов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов, құрылыс компаниясының өкілі Нарбота Күбегенов, Макинка музыка мектебінің бұрынғы оқытушысы, ардагер ұстаз Людмила Хаданина сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа жүрекжарды игі тілектерін білдірді.  
Көпшілік салтанатты рәсімнен кейін ғимараттың ішіне кіріп, жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Шара Макинка балалар музыка мектебі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Бұланды ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4363813