Материалдар

Рәміздерді қолдану ережелері қатаң сақталуы керек

http://turizm-hit.ru/

 

Елдің елдігінің белгісі саналатын мемлекеттік рәміздерді орнату,  орналастыру белгілі ережелерге сай жүргізіледі. Мемлекеттік Ту атқарушы органдардың орналасқан ғимараттарының төбесіне орнатылады. Ту мен Елтаңба жергілікті атқарушы және өкілетті органдар  басшыларының жұмыс бөлмелерінде орналастырылады.

 

Сонымен бірге, білім беру нысандарында, атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік техникалық колледждерде, жоғары оқу орындарында да мемлекеттік рәміздер орнатылады. Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттардың төбесінде тұруы мүмкін.
Мемлекеттік Ту ілінген ғимарат жарықтандырылуы тиіс. Елтаңба мен Ту көлеміне қарамай, мемлекеттік стандарттарға сай келуі қажет. Яғни, биіктігі мен ені, оның арақатынасы мемлекеттік стандартта белгіленген дәрежеде болуы керек. Мемлекеттік Туды ілгенде бір қабатты немесе көп қабатты үйлердің сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен,
1, 2, 3, 4  және 5  қабатты, яғни, биіктігі 20 метрге дейінгі ғимараттарда Мемлекеттік Ту  1х2  өлшемі бойынша шатырға, не үйдің кіреберіс маңдайшасына ілінеді. Ал, 6 қабаттан биік немесе биіктігі  30 метрге дейінгі ғимараттардың шатырына  1,5х3 немесе 2х4 өлшемінде ілінеді. Ту мұндай ғимараттардың кіреберіс маңдайшасына ілінген жағдайда өлшемі   1х2 болуы керек. 9 қабаттан немесе 30 метрден биік үйлердің шатырларына ілінген Тудың өлшемі  2х4 метр болады. Ғимараттарға Мемлекеттік Туды ілгенде осы белгіленген ереже өлшемдері сақталуы қажет.
Өткен жылы желтоқсан айында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, тәуелсіздігімізді әлем мойындап, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнымызды алдық. Осы орайда, тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы Отанға деген сүйіспеншілікті мемлекеттік рәміздерді сыйлап, құрметтеуден бастайтыны дау туғызбас шындық. Ал, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу оны қай жерде, қалай қолдану ережелерін біліп және қатаң сақтаудан басталатыны анық. Сондықтан, Туымыз бен Елтаңбамызды қандай жерде, қандай орында, қалай орналастыру қажеттігін әрбір азаматтың білуі шарт.
Владимир ФЕЛБЕЛТ,
облыстық сәулет және қала құрылысы  басқармасының  басшысы.