Инвестициялық субсидия – бағдарлама арқауы

«Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласына да ауқымды жаңғырту қажет» деп атап көрсеткен болатын Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Елбасының осы тапсырмасын орындау мақсатында 2013 жылы мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізу үшін төрт бағыт айқындалды. Алғашқы бағыттардың бірі – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызмет пен жұмыстарды, тауарлардың қолжетімділігін жоғарылату. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс, тауарлардың экономикалық қолжетімділігін жоғарылату бо-йынша мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы міндеттер қойылған. Мұнымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жаңа мемлекеттік қолдау тетіктеріне, біріншіден, басымды инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар, екіншіден, қаржылық институттар алдында агросубъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру қызметтерін субсидиялау, үшіншіден, берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.
Аталған бағыттың аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша
субсидиялау» бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып саналады. Бағдарламаның барысында 2014-2015 жылдары 150-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Биыл «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді және мемлекеттік қызметті жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді  «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы жүзеге асырады. Инвестициялық субсидиялар инвесторларға басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша, инвестициялық жоба шеңберінде сатып алынған немесе пайдалануға берілген объектілер, жабдықтар мен техника бойынша төленеді.
Субсидиялауға 2014 жылғы
1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, инвестордың 2014 жылдың
1 қаңтарына дейін немесе инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде инвестициялық жоба шеңберінде техниканы немесе жабдықты сатып алуға кеткен шығындары субсидия есебінен жабылады. Егер инвестициялық жоба тек жабдық және техниканы сатып алуды болжайтын болса, субсидиялауға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған жабдық және техника жатады. Субсидиялау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды ұсынудың тәртіптері мен құжаттардың тізбесі  Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтында www.ush.akmo.kz орналасқан.
                          Гүлнұр МҰХАМЕДЖАН,  
   облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бас маманы.                             

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар