Ісі оңға басуда

Ақкөл қаласының тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ашқан қазіргі заманғы «Бәйтерек» мейрамханасы және қонақ үй кешені тәп-тәуір табыс әкелуде.

Кәсіп иесі Гүлдем Баранқұлованың айтуынша, кешенде қонақтарға қажеттінің бәрі қарастырылған. 20-25 адамға арналған жатын орын, 250 орындық мейрамхана бар. Сонымен қатар, 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
 Кәсіпкер алдағы уақытта қонақ үй қызметін көрсетіп, бизнесін одан әрі кеңейтуді көздеп отыр.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде төмен пайыздық өсіммен 3 миллион теңге несие алдым. Бұл қаржыға аталған қонақ үй кешенінің құрылысын аяқтап, қосымша қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Алдағы уақытта қала қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, отандық нарықта өз орнымды табамын деп үміттенемін, – дейді кәсіпкер.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар