Іскерлік байланыс

Сейсенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысу мақсатында Ақмола облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қытай Халық Республикасының делегациясын қабылдап, меймандар қызығушылық білдірген бірқатар инвестициялық жобаларды таныстырды.

–Бұл Ақмола облысы делегациясының Қытайға барған сапарының логикалық жалғасы болып табылады, – деп атап өтті облыс әкімі М.Мырзалин өз сөзінде. –Қараша айында Бейжіңде және Шицзячжуане қаласында өткен кездесу барысында біз жылу электр орталығының құрылысынан бастап, Көкшетау қаласындағы канализациялық су тазарту нысандарын қайта салу, қолжетімді баспана секілді бірқатар мәселелерді талқыладық. Бүгінде бірінші кезекте біздің өңірдің жобаларына қызығушылық танытып, инвестициялық әріптестік орнатуға ықылас қойып отырғандықтарыңыз бізді қуантуда. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Ақмола делегация-сы Қытайда жоғары технологиялар, ауыл шаруашылығы, қолжетімді баспана, қалалық желілерді қайта қалпына келтіру, шикізатты қайта өңдеу және туризмді дамыту салалары бойынша әріптестік байланыс орнатуға ұсыныстарын білдіріп, инвесторларды тарту мәселелерін талқылаған еді.
Өз кезегінде Қытай делегациясын бастап келген «Qiwei (Чивэй) Asset Management Co. Ltd» компаниясының басқарушы президенті Лю Дзяньджуна мырза:
–Қазақстанның ауа райы суық болғанымен, біздің делегация ыстық ықыласпен келіп отыр. Қытайда өткен кездесулерде талқыланған жобаларға тоқталсақ, соған қызығушылық танытқан екі компания өкілдері келді. «Sichuan construction group» компаниясы Қытайдың оңтүстік-батысындағы ең ірі компаниялардың бірі. Сол секілді «Hua Si Energy» компаниясы Қазақстанның бірталай жобаларына қызығушылық танытып, әріптестік орнатуға дайын отыр. Мүмкін болса, жақын арада осы компанияларға инвестициялық жобаларыңызды жүзеге асыруға беріп қаларсыздар, – деді.
Қытай делегациясының құрамында «Qiwei (Чивэй) Asset Management Co. Ltd» компаниясының аға инженері, жобалар бойынша құрылыс және энергетикалық компаниялар маркетингі жөніндегі менеджерлер, сондай-ақ, халықаралық кәсіпкерлік және өнеркәсіп конгресінің өкілдері болды. Делегация басшысы «Қолжетімді баспана» және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларының бірқатар жобаларымен танысқылары келетіндігіне басым назар аударды.
Бұл орайда, облыстық әкімдік тақырыптық кеңсе кездесулерін ұйымдастырып, онда қытайлық инвесторларға аймақтың инвестициялық жобаларының тұсаукесерлерін өткізді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар