Әйел атқа ер салса…

Мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардан аудан азаматтары шет қалмай, несие алып өз істерін бастауда.

Солардың бірі – Сарыоба ауылында «Жігер» атты шаруа қожалығын құрған Гүлбарам Мусина. Жеке кәсіпкер өткен жылы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 80 қой сатып алды. Алғашында қой бағуда біршама қиындықтар туындағанымен Гүлбарам мойымады. Жеке кәсіпкердің саулық қойлары жыл соңына қарай төлдеп, қой саны екі есе көбейді.
Бұл жұмысқа кәсіпкердің жолдасы Аян Кемалов пен ер жетіп қалған балалары көмектеседі. Алғашында мал жаятын жайылым  болмады. Осыны ескерген аудандық әкімдік жеке кәсіпкерге жазғы жайылымдық жер бөліп берді. Қысқасы, ата кәсіп – мал шаруашылығын қолға алған Гүлбарам өз ісінің нәтижесін көре бастады. Осындай ер мінезді жанның игілікті ісі өзгелерге өнеге болса игі.
Ғұзайыр ЗАБИРОВ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар