Көкейге қонған қисынды сөз

Ауданда жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің  депутаттары  Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Петр Шарапаев жұртшылық өкілдерімен бірнеше кездесулер өткізіп, Елбасы Жолдауының  басым бағыттары жайында  айтып берді.

Халық қалаулыларының өңірлерге жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Жолдауды халыққа түсіндіріп, аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен  жақынырақ  танысу, олардың  ұсыныс-пікірлерін Үкіметке  жеткізу.
Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміздің  іргесі бекіп, әлемге танылған мемлекетке айналды.  Ендігі міндет – әлемнің дамыған  30 елінің қатарына қосылу. Кездесуде Сергей Звольский  отандық өнімдерді көптеп шығару,  әсіресе, ауылды жерлердің таза өнім шығару мүмкіндігі көп екендігін, шетелге өнімдерімізді шығарсақ, экономикамыз қарқынды дамитынын атап өтті. Ал, Мұрат Теміржанов пен Петр Шарапаев Мәңгілік ел идеясы жайында  баяндап,  осы жолда барлық қазақстандықтар күш жұмылдырып еңбек ету қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ,  Елбасының Парламент пен Үкімет құзыретін кеңейту жөніндегі Үндеуіне қатысты  өз пікірлерін білдіріп, бұл қадам депутаттық корпустың жауапкершілігін күшейтетіндігін айтты.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы туралы  және заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер жайында  халыққа  кеңірек ақпарат беріп,  шағын және орта кәсіпкерлік саласында туындайтын  мәселелерді, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
бойынша аудан тұрғындарының сауалдарына  жауап берді.
Әлімжан ТОЙЛЫБАЕВ,
 Ақкөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар