«Көкшетау» журналының №2, 2015 жаңа саны жарық көрді

Журналдың жаңа саны Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым-әдебиетші, академик Мәлік Ғабдуллиннің даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған мемуарлық повесімен ашылған.

Шығармада Мәлік Ғабдуллин өзі ерекше құрмет тұтқан батыр ағасының азаматтық биік тұлғасы, қаһармандық болмысы жайлы сипаттаған. Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қоғам және партия қайраткері Белгібай Айтжановтың әр жылдары жазған өлең-жырлары «Қаруымен бірге қаламы» айдарымен беріліп отыр. Сондай-ақ, республикаға танымал жазушы Әскен Нәбиевтің «Достық құдіреті» атты шығармасы да оқырманның ойынан шығатындығы кәміл. Облыстық «Арқа ажары» газетінде қызмет істеген, өз заманында поэзиялық, прозалық шығармалары облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып, жалпақ жұртқа танылған Сапар Сайдалиннің «Қызғалдақты белестер» деп аталатын көркем шығармасы да елеулі дүние.
Журналдың жаңа санында қазақ және орыс тілдерінде әрқилы тақырыптарды қамтитын көркем шығармалар топтастырылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар