Көкшетаудағы АЛАУ эстафетасы

О б л ы с т ы қ і ш к і с а я – с а т б а с қ а р м а с ы н ы ң өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бри- фингте универсиаданың Көкшетау қаласында өтетін Алау эстафетасының бағыты таныстырылды. 

Ақмола облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынба- сары Əсет Бүкібаевтың айтуынша, Алау эстафетасы екі кезең бойынша өткізіледі. Бүгін М.Ғабдуллин ескерткішінің алдын- да сағат 10.00-де алауды тұтату салтанаты өтеді. Екінші кезең Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ал- дында сағат 15.00-де басталады. Барлығы 50 алау көтеруші – жоғары оқу орындарының студенттері, əртүрлі мекемелердің белді қызметкерлері, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау техникалық инс- титуты белгіленген бағытта жүріп өтіп, эстафета «Көкшетау» мəдениет сарайының алдында өз мəресіне жетеді. Алауды Ақмола облысы атынан Алматыға жеткізетін бокстан əлем чемпионы Дина Жоламан екендігін тағы бір мəрте айта кетсек артық болмас. Ал, алауды тұтату мəртебесі шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, 2013 жылы Италияда Трентинода өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың скиатлон жарысынан чемпионы жəне эстафеталық жарыстың қола жүлдегері Татьяна Осиповаға бұйырып отыр.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар