Көлік көбейген…

Елімізде жүргізіліп жатқан «Жолдағы қабылдау» дәстүрлі акциясы біздің облысымыздың аумағында да ұйымдастырылуда. Осындай акция таяуда Целиноград ауданының аумағында өтті.

Акцияға екі жүзден астам Ақмол селосының тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қоюға және ұсыныстары мен тілектерін айтуға мүмкіндік алды. «Жолдағы қабылдау» акциясын ашқан облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мұратбек Мұстафин жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара полиция мен қарапайым халық арасын байланыстыратын алтын көпір іспетті екендігін айта келе, биылғы акция да жемісті өтетіндігіне сенім білдірді.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Рахым Түлкібаев қоғамдық тәртіпті орнатуда осынау шараның маңыздылығын атап өтті.
Бұл күні құқық қорғау қызметі өкілдеріне әртүрлі сауалдарымен 17 азамат кіріп, толымды жауап алды. Мүмкіндікті пайдаланып, жол полициясы қызметкерлері жиналғандар арасында сұрау салу өткізді. Оған 176  адам тартылды. Акция соңында автомектептердің басшылары мен үздік жүргізушілерге, жол ережесін оқытатын  үздік оқытушыларға ішкі істер департаменті басшылығының Алғыс хаттары
тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар