КӨРМЕНІҢ ЕКІ АЙ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2017 жылғы 10 маусым – 14 тамыз аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 миллион адамды құрады. Олардың ішінде келушілер саны ең көп 10 павильондар:

 

1

Африка Плазасы (22 ел)

659 452

2

Мысыр

608 733

3

Түркия

596 462

4

Әзірбайжан

568 654

5

Таиланд

566 711

6

Үндістан

557 480

7

Ресей

515 321

8

Өзбекстан

469 575

9

Жапония

461 772

10

Сауд Арабиясы Корольдігі

419 285

 Көрменің 2 ай жұмысы аралығында халықаралық қатысушылармен 66 Ұлттық күн және 4 Мамандандырылған күндер ұйымдастырылды. 160-қа жуық тақырыптық іс-шаралар (конгрестер, конференциялар, форумдар, мастер-кластар). ЭКСПО-2017 көрмесіне 22 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, 78 Сыртқы істер министрлері қатысқандығын атап өту қажет.

Аталған мерзім аралығында жалпы сомасы 131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық өнімдер сатылды. Көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна өнімдер әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушілерге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 миллион теңгені құрады.

10 маусым – 14 тамыз аралығында байланыс орталығына 44 242 адам жүгінді, оның ішінде 26261 қоңыраулар, басқа жүгінулер – 965. Ақпарат киоскілеріне жүгінген азаматтар саны – 17016. Логистикалық қызмет көрсетулерге келетін болсақ, екі ай ішінде халықаралық павильондарға 5298 тонна жүк жеткізілді.

Қазіргі кезде ЭКСПО қалашығында 5181 адамдар тұрады. Жалпы мерзім ішінде (2 ай) 15416 қонақтар орналастырылды.

Көрменің екі ай жұмыс мерзімі ішінде медициналық көмекке 4864 көрмеге келуші жүгінді, олардың ішінде 49 адам ауруханаға жатқызылды. Жүгінудің негізгі себептері: аллергия, дене қызуының көтерілуі және қан айналымы жүйесінің аурулары.

Екі ай ішінде 867 заттар табылды, олардың ішінде 273 заттар қайта қайтарылды, ал, 594-і сақталуда.

2017 жылғы 9 маусым – 10 тамыз аралығында бұқаралық ақпарат құралдарына шығарылған материалдардың жалпы саны 15 410 құрады. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін әлеуметтік желілерде ескеру саны 687 209-ды құрады.

Операциялық кезең басынан бастап Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелген, олардың ішінде 26-сы қылмыс. Олардың барлығы ұсақ ұрлықпен байланысты.

Құқық қорғау органдары профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар