Көшелер қардан тазартылуда

 

Биыл Атбасар қаласында  қар әдеттегі мөлшерден көп түсіп, жол қатынасы қиындай түсті.

 

Қалада бірнеше күннен бері көшелерді қардан тазарту жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде.
Ш.Уәлиханов көшесі, пошта ғимараты мен аудандық мәдениет үйінің маңайы қардан толық  тазартылды. Бұл  жұмысқа «Техстрой» және «Ромаченко» жеке кәсіпкерлерінің техникалары мен адам күші жұмылдырылуда.
 Қала әкімі Нұржан Қамбатыровтың  айтуынша, бүгінгі күнге дейін қала сыртына 29 мың текше метр қар шығарылыпты. Қазір Л.Белаш пен Веденеев және өзге де көшелерді қардан тазалау жұмыстары қызу жүргізілу үстінде.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар