Көшпелі жазғы кітапхана

Аудан орталығындағы қалалық кітапхана қызметкерлері  қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында  көшпелі жазғы кітапхана ұйымдастырып, Степногорск қаласының мөлтек аудандарының  барлық көшелерін аралап шықты.

 

Әр кеш сайын оқырмандар өздерінің сүйікті шығармаларын оқу үшін кітапханашыларды тағатсыздана күтеді.
Қалалық кітапхананың директоры Роза Мұхамадиеваның айтуынша, кітапхананың жанындағы  оқу залы жаз бойы жұмыс істеп келеді. Жаздың жайлы күндерінде  қала тұрғындары осы жерде кітап, журнал  оқуға келсе, ал, кішкентай балдырғандар ермексаздан әртүрлі мүсіндер жасап, сурет салып, дүние танымдарын байытып, бос уақыттарын тиімді өткізеді.
Жазғы оқу залына келушілер жаңа кітаптарды  кітап көрмесінен көре алады.
− Қала тұрғындарына арнап ұйымдастырылған іс-шара көптің көңілінен шығуда. Оқырмандарымыздың қатары көбейіп жатқандығын көріп қуанып қалдық. Егер де халықтың рухани байлығын арттыруға  немқұрайлы қарамайтын демеушілер болса, нұр  үстіне нұр болар еді, – дейді Роза Мұхамадиева.
 Роза БЕКЕНБАЕВА.
Степногорск қаласы.

Суретте: көшпелі жазғы кітапханадан  көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар