Кәсіби теологтарға сұраныс мол болып тұр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ринат Галлямов және облыстық жастар ресурстық орталығының  басшысы Тимур Ысқақов  баспасөз мәслихатын өткізді. 

Қазіргі таңда облыс бойынша 14 пен  29 жас аралығындағы  162724 мың  жас  бар. Осы жастардың 54,5 пайызы ауылда, 45,5 пайызы қалада тұрады. Баспасөз мәслихатында журналистерге Ринат Галлямов бүгінгі жастардың хал-ахуалы мен жастар саясатын жүзеге асыру бағытында   атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып берді. Ең алдымен,  басқарма  жастардың толықтай  жұмыспен қамтылуын қадағалайды. 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға  371 адам қатысты. 167 жас әлеуметтік жұмысқа, 101  адам  жастар тәжірибесіне  жіберілген.  Бұдан әрі Ринат Галлямов  қазіргі таңда облысқа  кәсіби  теологтар қажеттігіне әсіресе, орыс тілді теологтар керек екенін жеткізді. Осыған орай, Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінде білім аламын деушілерге жыл сайын  қолдау көрсетіледі. Облыс әкімі  шәкіртақысымен оқыған ең алғашқы  стипендианты қазір Атбасар аудандық мешітінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, басқарма мамандары Елордамызда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық  көрмесіне қазір 225 еріктіні  дайындауда. Еріктілер  туризм саласында, медициналық көмек пен түрлі деңгейдегі тренингтер бойынша оқу оқып жатыр.
Бұдан соң Тимур Ысқақов өз баяндамасында жастар ресурстық орталығының жұмыстарын айтып өтті.  Облыста осындай 20 орталық бар. Оның барлығы жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған. Орталықта 109 маман жұмыс істейді. Өткен жылы облысымыздағы  жастар ресурстық орталықтарының алты басшысы қала және аудандық мәслихат депутаттары болып сайланды.  Осылайша  өткен жылы мәслихаттар құрамында жас депутаттардың үлесі 1,4 пайыздан бес пайызға дейін өсті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Таланттар алаңы» фестивалі мен «Студенттік көктем»,  «Zhas_akmola» және «Аkmola Power» инновациялық жобалар байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш орталық тек аймақтық деңгеймен ғана шектеліп қалмай, республикалық деңгейдегі іс-шараларды да  өткізді. Мысалы,  «Үш би» республикалық пікірсайыс турнирі, Степногорск қаласында өткен XII Ұлттық Дельфий ойындары  мен  көңілді тапқырлар клубы ұлттық  лигасының   «Жазғы кубогы»  тақырыбындағы  фестивалі және облысымызда Қазақстан жастар конгресі  күндері де болып өтті.  Облыстық   дін істері басқармасының жанындағы конфессияаралық  қатынастарды дамыту  және талдау орталығымен бірлесіп  діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту мәселесін де орталық ұмытпайды. «Работа в Кокшетау» деген атауымен барлық әлеуметтік желілерде арнайы топ ашылып,  бос жұмыс орындары көрініс табады. Осылайша орталық мамандары 700-ден астам кеңес өткізіп, 150-ден астам жас жұмысқа орналасқан. 

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар