Кәсіпкерлер үн қосса…

Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мемлекеттік- жекеменшік серіктестігі – тұрғындарға қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығы аясында инвесторлар іздестірудің ауқымды жобасын жариялады.

Тұрғындарға қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығының жобасы автомектеп, техникалық қызмет көрсету станциясы, жүргізушілерді оқытатын полигон, автотұрақ кіретін кешенді ұсынады. Қызмет көрсету саласына автокөліктерді тіркеу, мемлекеттік нөмір белгілерін, техникалық төлқұжат, жүргізуші куәлігін беру кіреді.
– Бүгінгі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасы жекеменшік серіктестерін іздеумен айналысады. Кәсіпкерлерді жобаға қатысуға шақырамыз. Оның жүзеге асырылуынан тікелей экономикалық нәтиже, белсенді қатысу күтіледі. Соңғы уақыттары бұл қызметтердің қажеттілігі тұрғындар тарапынан тез өскенін тәжірибе көрсетті. Жоба миллиард теңгеге бағалануда. Мұнда мемлекет тарапынан қаржыны 100 пайыз қайтару қарастырылған,–дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Фатима Герфанова. Тұрғындарға қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығының құрылысы «Көкшетау-Астана» автобанының бойындағы Шығыс өнеркәсіп аймағының аумағында жүргізілмек. Бүгінгі таңда құрылысқа 0,3 гектар жер телімі бөлінді. Алдағы уақытта қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар детальдық бизнес-жоспар мен жобалық-сметалық құжаттама жасады, қажетті мемлекеттік сараптама жүргізді. Енді мемлекеттік органдармен бірлесе атқаратын жобаның соңғы нәтижесі кәсіпкерлердің белсенділігіне байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрғындарға қызмет көрсетудің 12 мамандандырылған орталығы жұмыс істейді. Нәтижесінде қызмет көрсету уақыты екі есе қысқарды.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар