Кәсіпкерлер құқын қорғаудың жол картасы жасалды

«Прокурор сағаты» акциясы аясында прокуратура органдарының өкілдері «Тексерудің субъек-тілері мен нысандарының бірыңғай тізілімі» және «Тексеру картасы» жүйесінің тұсауын кесті.

Кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан жиналысты ашып, жүргізген облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Расул Сыздықов биылғы жылдың маусымында өткен «Кәсіпкерлік саласында прокуратура қадағалауы» форумы жөнінде атап өтті.
– Форум барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры кәсіпкерлер құқығын қорғау бағытында прокуратура органдарының алдағы жұмысының негізгі басымдылығы анықталғанын айтты. Осы орайда, тиісті жол картасы жасалды. Оның аясында негізгі бағыт бойынша бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік және құқықтық шара қабылдау қарастырылған. Бұған бақылау органдары тарапынан бизнеске деген қысымды азайту, азаматтық және әкімшілік үрдістерде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, жалпы бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті жаппай дамыту да енгізілген, – деді бөлім басшысы. Бұдан кейін облыстық құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті басқармасы бөлімінің аға прокуроры Толқын Мұқашева тәуекелділік бағасы негізінде тексерудің субъектілері мен нысандарының бірыңғай реестрін енгізіп, тексеру ұйымдастыруға көшу жөнінде айтып берді.
– ЕРСОП – барлық субъектілер мен нысандарды тексеру жөніндегі мәліметті  енгізетін ақпараттық жүйе. Сондай-ақ, ол тексеруді тағайындау және тіркеу үрдістерін автоматтандыруды және оның нәтижелерін есептеуді қамтамасыз етеді. Жүйе мемлекет пен қоғамға қауіп төндіретін, заң бұзған кәсіпкерлерге қатысты тексеріс жүргізуді қамтамасыз етеді, – деген аға прокурор аталмыш жүйенің ережелерімен таныс-
тырды. Жобаның пилоттық апробация-сы төтенше жағдайлар, медициналық және фармацевтік қызметті бақылау, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттердің базаларында ойдағыдай өткізіліпті. Бүгінгі таңда тізілім 85 мың субъекті мен 127 мың нысанға қатысты мәліметтермен толықты. 130 мың тексеру нәтижелері тексеру картасында белгіленген. Жиналыс соңында аға прокурор қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар