Кәсіпкерлерге – қолдау

 Ауданда облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өңірлік даму картасы бойынша  дөңгелек үстел өтті.

  Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин төрағалық еткен басқосуда жеті бизнес жоба ұсынылды. Көшпелі дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты тұралап қалған кәсіп түрлерін жандандырып, оларды қайта жаңғырту және жаңа инвестициялық бастауалды жобаларға қолдау көрсету.
Отырысқа қатысқан  кәсіпкерлер өз ісін дөңгелету үшін көптеген кеңес алды. Соның ішінде, азамат Жамбыл Канапиннің қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бастамасы жиналғандарды қызықтырды. Кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарды жалға алып, Щучинск қаласы мен оның маңынан қатырма қағаз бен пластик жинайды. Енді кәсіпті өрге домалату үшін жер телімі мен арнайы техника қажет болып тұр.
Сонымен қатар, қатысушыларға құрылыс материалдарын өндіретін жауапкершілігі шектеулі «СМП-610» серіктестігі, су және лимонад саудасымен айналысатын «THM Group» серіктестігі бағыттары бойынша жобалар таныстырылды. Барлық жобалар бизнес-жоспар әзірлеу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен несие алуға құжаттама жинау сынды түрлі даму сатыларында.
Отырыс қорытындысында кәсіпкерлердің әкімшілік кедергілерді жою жөнінде өтініштері қабылданып, өз шешімдерін тапты. Таяуда облыстың барлық аудандарында осындай көшпелі дөңгелек үстелдер жоспарлы түрде өткізілмек.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар