Кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров облыс орталығындағы «Көкше» акционерлік қоғамында болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Жүздесу барысында  акционерлік қоғамның бас директоры Бекайдар Сембеков 1990  жылы  пайдалануға берілген зауыттың қазіргі жай-күйін баяндап берді.  Кәсіпорында  170-ке жуық адам еңбек етеді. Фрезерлік, бұрғылау, токарлық станоктары, дәнекерлеу, механикалық пресс тәрізді қазіргі заманғы жүзден астам технологиялық қондырғылар  орнатылған.  Сонымен қатар, күрделі тұрмыстық және өнеркәсіптік электротехникалық өнім шығаратын  «Филипс-Электроник» голландтық фирмасының өндіріс желісі жұмыс істейді. Кәсіпорында электрондық аспаптарды тексеретін бақылау- өлшеу зертханасы мен жұқа металды кесетін «ЧПУ» лазерлік қондырғысы және өнімді полимерлік бояумен айналысатын арнайы кешен орнатылғандығын да айтып берді.
Бұдан  кейін Мәжіліс депутаты кәсіпорын ұжымымен кездесті. Кәсіпорын мамандары  енгізіліп жатқан жаңа заңдар жайлы сауалдар қойып, өздерінің ұсыныстары мен толғандырған мәселелерін  ортаға салды. 

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар