Көз жасыма ерік беремін

Қайран біздің әке-шешелеріміз-ай! Бастарынан небір қиыншылық өтпеді дейсіз. Сұрапыл соғыстың от-жалынын кешкен ардақты әкеміз Құдысбек Мағзұмовты 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында біз, балалары қимай еске аламыз.

 

1939 жылы әскери міндетін атқаруға аттанып, енді үйге ораламын ба деп жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталып, төрт жыл қан майданда зұлым жаумен бетпе-бет  тіресуіне тура келді. Одан қалды, осы зұлматты жорықты жапон соғысымен аяқтап, елге 1947 жылы ғана оралғанын бізге тебіреніп айтып отырушы еді.
Ауылға келгеннен кейін де ауыл шаруашылығын көтеруге белсене араласып кеткен. Кеудесінде орден, медальдары жарқырап, ендігі қалған ғұмырын бейбіт өмірдің жасампаз игіліктеріне арнағанын ұрпақтары жақсы білеміз. Еліне сыйлы, адал еді. Қарапайымдылығымен бізді де еңбекке баулап өсірді. Төрт ұлы Еран, Біржан, Сайран, Думан және жалғыз қызы, мен әкеміздің өнегелі өмірінен үлгі алып, хал-қадірімізше ел үшін  еңбек етудеміз.  
Әкеміз зейнеткерлікке шығып, 1999 жылы дүниеден өтті. Әлі күнге жарқын бейнесін  сағынышпен еске алып, Ұлы Жеңіс күні басына құран бағыштаймыз. Қашанда жатқан жері жайлы болсын.
Осы әрі азалы, әрі қуанышты мерекеде де асқар таудай  әкемізді еске алсам, кеудемде бір өксік пайда болып, еріксіз көз жасыма ерік беремін. Жастығы от-жалында өткен қайран ерлерім-ай!
Марал ҚҰДЫСБЕКҚЫЗЫ,
Мағзұмовтар әулеті атынан.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар