Көздегендері – салауатты өмір салты

Зеренді селосындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Ақмола облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің үш жылдығына орай, мекеме  қызметкерлері арасында спорт жарысы өтті. 

Жарысқа қатысушылар спорттың үш түрінен, атап айтқанда, минифутболдан, волейболдан және үстел теннисінен сайысқа түсті. Облысымыздың барлық өңірлерінен командалар қатысқан жарыс өте тартысты болды. Минифутболдан қарсыластарының бәрін қапы қалдырған экономикалық заңсыздықтармен күрес қызметінің командасы бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды департаменттің әкімшілік блогының қызметкерлері, ал, үшінші орынға Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының ойыншылары қол жеткізді.  Үстел теннисінен әкімшілік топтың командасы бірінші орыннан көрінсе, Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы екінші, экономикалық заңсыздықтармен күрес қызметі үшінші орындарды иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар