Кеңес алдында есеп берді

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған болатын.

Аймақ басшысы Сергей Кулагин жаңадан құрылған Ақмола облысының қоғамдық кеңесі алдында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
– Өткен жылды экономикалық салада да, әлеуметтік салада да жақсы көрсеткіштермен аяқтадық, өнеркәсіптің өсу қарқынын үдеттік, ауыл шаруашылығында, шағын және орта бизнесте, тұрғын үйлерді пайдалануға беруде және бірқатар салаларда толымды табысқа жеттік, – деп атап өтті Сергей Кулагин.  
Ұзақ және қысқа мерзімді басым бағыттар белгіленіп, тиісті жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Қоғамдық кеңес мүшелері облыста атқарылған жұмысқа жақсы баға берді. Кеңес мүшелері отырысының қорытындысында алдағы істің межесі белгіленді: «Атқарушы билік пен қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында бірлесіп жүзеге асыратын үлкен міндеттер тұр. Қоғамдық кеңес билік пен қоғамның арасын жалғастыратын көпір іспетті бірегей орган.
Әлеуметтік міндеттемелерді жүзеге асыру бұрынғыша басымдыққа ие. Облыстың бюджет саясатының негізгі принциптері өзгеріссіз қалады».
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар