Келесі аптадан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тозығы жеткен ескі жеңіл көліктерді қабылдау басталады.

Демек, кез-келген азамат өзінің қаңтарылып тұрған ескі көлігін тапсырып, орнына аз-маз қаржы алуына мүмкіндік бар. Осы бағдарламаға сәйкес салмағы 3 жарым тоннадан аспайтын жеңіл көліктер ғана қабылданады. Ескі көлік үшін төлем көлемі баршаға бірдей емес. Мәселен, барлық қосалқы бөлшектері бар көлікке – 150 мың, ал істен шығып, кейбір бөлшектері жоғалған көлікке – 48 мың теңгеден беріледі.  
Еліміз бойынша тозығы жеткен автомобильдерді толықтай сатып алу үшін біраз шаруа атқарылуы қажет. Әзірге, жыл соңына дейін 10 мың көлікті қабылдау жоспарланған. Статистикалық мәліметтерге сай, еліміздегі автокөліктердің 58 па-йызы ескірген көрінеді.  Көлігін өткізгісі келетіндер қабылдау орнына техниканы өздері апаруы тиіс.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар