Кенесары ханның үңгірінде болды

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің бір топ мұғалімдері көрікті Бурабай баурайында болып, өлке тарихымен танысып келді.

Шара  мектептегі «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының, кәсіподақ пен ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Саяхат Абылай хан алаңы мен Кенесары үңгірі бағыттарында жүрді. «Кенесары үңгірі» Әулиекөл жағалауының оңтүстігінен 500 метр қашықтықта, орман ішінде тау шыңына қарай орналасқан. Жақпар-жақпар жартасты болып келеді. Солтүстік-батыс баурайы еңістеу, беткейлі, қалған бөлігі жарлы, асусыз. Үңгір сегіз қанатты киіз үймен бірдей. Төбесінде түтін шығатын саңылауы бар. Алдындағы кішігірім алаңнан Әулиекөл жақсы көрінеді.Үңгірде      
                                         Сол түні сонау үңгір тау ішінде,
                                     Қабағын қарс жазып Кене ойлайды.
                                     Қамалған қазағым  жол таппаққа
                                     Жүрегі тілім-тілім тіле ойлайды, –
деген  Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдары жазылған мемориалдық тақта бар.
Хан Абылайдың  немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары орта жүз қазақтарын жүз жыл басқарып отырған отбасында 1802  жылы дүниеге келді. Ол бала кезінен атқа мініп, садақпен нысананы дәл көздеуді үйренген. Бурабайдың тоғайлы сай-саласында жабайы жануарларға аңшылыққа шығуды жақсы көріпті. Аңға шығып, қанжығасы майланып қайтқаннан кейін өзінің жасағымен осы үңгірде қонған. Сол себепті, ел аузында ол  «Кенесары үңгірі» деп аталып кеткен.
Төрт сағаттық жаяу жүріс барысында мұғалімдер, соның ішінде жас сынып жетекшілері Гүлбақыт Қожыбаева, Гүлмира Доспаева Кенесары Қасымұлының өмірінен маңызды деректерді алды. Тарихи жерлерді аралау барысындағы жинақтаған барлық ақпараттарды мұғалімдер міндетті түрде оқушылар мен ата-аналарға жеткізетін болады.

Гүлнәр ӘБДІҚАСЫМОВА,
Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар