Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин салтанатты жағдайда әлеуметтік қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2011 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісін әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп белгілеген болатын. Міне, соңғы бес жылдан бері елімізде бұл мереке аталып өтіліп  келеді. Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы бұл мереке осы салада еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, күнкөрісі төмен отбасыларға қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі деп атап өтті.
– Сіздердің барлық күш-жігерлеріңіз ең алдымен, халықтың мұң-мұқтажына толық жауап беретін және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталады. Бір адамға көмек қолын соза отырып, сіздер жалпы мемлекеттік тапсырманы орындап, ортақ міндетіміз – әр қазақстандықтың әлеуметтік әділдік пен кепілдікке қол жеткізуін қамтамасыз етесіздер, – деді облыс әкімі.
Кездесу соңында облыс басшысы аталмыш саланың бір топ қызметкерлерін «Еңбек ардагері» медалімен, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Жанат СӘБИТОВ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар