Кеше облыстық әкімдікте өңір басшысы Сергей Кулагин облыс әкімінің орынбасарлары және мемлекеттік органдардың басшылары қатыстырылған кеңес өткізді. Күн тәртібіне өңірдің дамуына қатысты мәселелер шығарылды.

  Ағымдағы мәселелер қаралды

Алдымен облыстық маңыздағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің бүгінгі күні қалыптасып отырған жай-күйі айтылды. Қазір бұл бағытта үш ірі жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, «Новоколутон-Ақкөл-Азат-Минское» бағытындағы 25,7 шақырымды құрайтын жолға 3,5 миллиард теңгеге жөндеу жұмысын жүргізу межеленген. Күні бүгінге дейін бұл жоба бойынша 12 шақырым жол жөнделіп, 1,6 миллиард теңге игерілді. Жоспарланған жұмысты аяқтау үшін әлі де 1,9 миллиард теңгені игеру қажет. «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» бағытындағы жол жөндеу жобасының құны – 1 миллиард 370 миллион теңгені құрайды. Үстіміздегі жылы 350 миллион теңге игерілді. Жобаны толық аяқтап шығу үшін әлі бір миллиард теңгеден астам қаржыны игеру қажет. Оның үстіне аймақта Родина ауылының жолдарын жөндеуден өткізу жобасы қолға алынды. Бұл мақсатқа 200 миллион теңге жоспарланған болатын. Жұмысты толық аяқтау үшін әлі де 414 миллион теңге қажет.   
Жоғарыда аталған жобаларды толық аяқтау үшін аймақ басшысы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Б.Бекішовке тезірек республикалық бюджетке өтінім беруді тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы «Балкашин-Шаңтөбе», «Бұзылық-Алматинский» бағытындағы орташа жөндеу жұмыстарын жүр-
гізуге қаражат қарастыруды тапсырды.
Кеңес барысында облыс әкімі Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың кезекті екінші жоспарының жүзеге асу жа-йын сұрастырды. Басқарманың мәліметіне қарағанда, үстіміздегі жылы бұл мақсатқа 618 миллион теңге бөлінген. Оның 417 миллион теңгесі игерілген. Жаңа жол салу үшін 22 ескі үй жол бойынан алынуға тиісті. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты ширату керектігі туралы тапсырды.
Мұнан соң қысқы жылу беру маусымы-ның, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың және су құбырлары жүйесінің құрылысы туралы мәселелер талқыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар