Халыққа қолжетімді және тиімді жүйе

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында табысты қолданып, жемісін көруде.

Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастыратын  болсақ, оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыруға  мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді.  Мысалы, жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелер. Ал, екінші түрі – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханада жатып емделу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін қолайлы әрі қолжетімді. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету де қарастырылған.  Қазақстан Республикасының өткен жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес:  мемлекеттің Медициналық сақтандыру қорына жарна аудару мерзімі үстіміздегі жылдың  
1 шілдесінен  келесі жылдың  1 қаңтарына  ауыстырылды.  Жұмыс берушілердің және кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың қорға төлейтін аударымдары мен жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап түсуі тиіс.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың  15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Мысалы,  «Алтын алқа», «Күміс алқа»,  «Батыр ана» иегерлері  атағын алғандар, сонымен қатар, I және II-ші дәрежелі  «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, ардагерлер мен мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Сонымен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген тағы басқа азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Айта кету керек, медициналық сақтандыруы бар азаматтар жекеменшік ауруханаларға барып емделе алады, бұл ретте мемлекеттік аурухана қызметтерінің де сапасы артатыны сөзсіз. Себебі, медициналық сақтандырудың арқасында ауруханаларға қаржы түседі. Бұл үлкен бәсекелестікті тудырады.
Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет назарындағы басты мәселелердің бірі. Сондықтан да, медицина саласындағы реформалар халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Ермек МҰХАМЕДИЕВ,
облыстық перинаталдық орталықтың  бас дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар