«Халықтың ғұмыры тілінде»

Облыс орталығындағы Достық үйінде  Халықаралық ана тілі күніне орай, «Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны болып өтті деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметі.    

«Адамға екі нәрсе керек, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай тіл тұғыры ұлт ғұмыры екендігі айқын. Жиында сөз сөйлеген «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты осы тілді сақтап, дамытуға бағытталғанын баса айтса, «Тіл тағдыры – ел тағдыры»  атты тақырыпта баяндама оқыған «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Хасенова болса, аталмыш оқу ордасында өзге ұлт өкілдерінің балалары да мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіретіндіктерін екпін түсіре айтып берді.
– Біз нәтижені тезірек көргіміз келеді. Бірақ, ескермеуге болмайтын күнделікті, әртүрлі жағдайлар бар. Оны да ойлауымыз керек. Тәуелсіздік тамырының тереңдеуі мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтумен де тығыз байланысты. Бүгінде экономикамыз дамыған, этносаралық татулығымыз жарасқан елміз. Осының барлығы  ұлттық қарым-қатынасымыз үшін, келешек ұрпақтар үшін үлкен жетістік. Тәуелсіз елімізді мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен ынтымақты, ұлтаралық келісімді жарастыра білген, соны бүгінгі және келер ұрпаққа аманат етіп келе жатқан Елбасының салиқалы саясаты біздің әрқайсымызды қанағат сезімге бөлейді, – деді ол өз сөзінде. Қазақ жерін мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті тірлік кешуде. Елімізде, оның ішінде біздің облыста да тілдердің дамуына көптеген жағдайлар жасалған.  Тіл жанашырлары жиналған жиында облыс орталығындағы поляк оқу орталығының ерікті-оқытушысы Рената Шенявска, Ақмола облыстық татар-башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Рафаил Сулкарнаев, облыс орталығындағы №21 орта мектептің оқушысы Елизавета Бибрих және тағы басқалары сөз сөйледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар