Киіктер неден қырылды?!.

 Соңғы апталарда еліміз бойынша 120 мың киік зобалаң тиіп, қырылып қалды.

  Жаппай осындай қырғынға ұшыраған бұл дала жануарлары кілең аналық киіктер. Өткен жылғы санақ елімізде шамамен 300 мыңнан аса киік барын көрсетіп еді. Енді соның біраз бөлігі қырылып қалып отыр. Белгісіз індет Ақтөбе, Қостанай облыстарында 112 мың киікті жоқ қылса, Ақмола облысының Жарқайың, Жақсы аудандарының түйісер тұсында 8502 киік те осының кебін киген.
Басында мамандар киіктердің бұлай топ-тобымен теңкиіп өлуі пастереллез ауруының салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасағанымен, қазір бұл індеттің себеп-салдары қазақ даласында жиі құлап жатқан «Протон» кемесіне қарай да ауып тұр.
Қалай болғанда да, Ауыл шаруашылығы министрлігінде елді алаңдатып отырған осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, іске кірісуде. Енді топ мүшелері мәселенің анық-қанығына жетіп, онымен халықты құлақтандыруы тиіс.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар