Кітап оқымаған ұрпақ рухани азықсыз алысқа бара алмайды

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Рухани қазына – ғасырдан ғасырға» атты жаңа жобаның тұсаукесері болып, жас ұрпақты рухани байлыққа кенелтудің басты бір жолы кітапта жатқандығы айтылды.

«Рухани қазына – ғасырдан ғасырға»  «Книга в веках» М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен облыстық әдебиет және өнер музейінің бірлесіп қолға алған  жобасы. Оның шеңберінде алдағы уақытта түрлі іс-шаралар өткізілмекші. Мәдени мұраны насихаттау, облыстық кітапхана мен әдебиет және өнер музейінің
сирек кездесетін қорына, әдебиет пен мәдениетке, ел тарихына оқырмандардың қызығушылығын арттыру – осы жобаның басты мақсаты.
– Елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және оны сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау мақсатында жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар тындырылғандығы белгілі. Соның нәтижесінде халық ауыз әдебиетіміздің мұралары бір ізге келтіріліп, жинақталып, жүздеген томдар жарық көрді. Ескірген кітаптар жаңартылды. Қаншама қолжазбалар табылып, бұл әдеби мұралар, жәдігерлер музейлерге тапсырылды. Осының бәрі бағдарламаның жемісі. Сондықтан, жоба аясында да біраз жұмыстар атқарылады деген үміттеміз, – дей келе, белгілі қаламгер Ғосман Төлеғұл жастарға кітап жинау мен оны оқудың қыр-сырын айтып берді және оларды өзінің жеке кітапханасында сақтап жүрген  өткен ғасырдың алғашқы он жылында жазылған кітаптармен таныстырды.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары, танымал әдебиетші ғалымдар Аманжол Есмағұлов пен Сәбит Жәмбек білімнің кілті – кітап оқуда екендігін, құнды тарихи мұраларымызды қашан болсын насихаттау дұрыс әрі қажет екендіктерін еске салды.  
Сондай-ақ, іс-шарада аталмыш жобаға қатысты көрме ұйымдастырылып, жастарға ертеде шығарылған ескі кітаптар мен қазіргі заманғы кітап баспаларының туындылары ұсынылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар