«Контрафакт» акциясы

«Зияткерлік меншік құқығын қорғау» халықаралық экономикалық форумының жаһанданудың бәсекелестік индексі көрсеткішін жақсарту мақсатында ҚР Әділет министрлігі осы мәселеге авторлар мен қарапайым халықтың назарын аудару үшін биылғы жылдың 19-23 ақпанында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Аталмыш акция шеңберінде үш номинациядан тұратын конкурс өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбындағы үздік мақала; «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік билборд; «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбындағы үздік видеоролик.
Конкурсқа қатысудың аймақтық бірінші кезеңіне өтінімдер 30 қаңтар мен 9 ақпан аралығында мына мекен-жайда қабылданады: Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 37; телефон: 40-25-96; электронды пошта: intellect_akmola@mail.ru.

Облыстық әділет департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар