Лайықты марапат

«Достар»  мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  Көкшетау техникалық институты қызметкерлерін  марапаттау  рәсімі өтті. Оған  осы шараға арнайы шақырылған сала ардагерлері мен меймандар қатысты.

«Тәуелсіздік – бұл болашаққа деген берік сенім мен үлкен жауапкершілік. Сол себепті, ел дамуына үлес қосып жатқан әр адамның еңбегі еленуі шарт», –  деп бастады өз сөзін Көкшетау техникалық институтының  бастығы,  азаматтық қорғау  полковнигі Сырым Шәріпханов.  Сондай-ақ, институттың  іргесі қаланған жылдан   бастап төтенше жағдайлар саласының  білікті мамандар шоғырын дайындап келе жатқандығын  тілге тиек етті. Шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, бірнеше  қызметкерлерге  орден және медаль табыс етілді.
Аталмыш оқу ордасымен шығармашылық байланыстағы облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы  Қайырбай Төреғожа, «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті  тілшісі Шыңғыс Тәшенов,  Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова,  Көкшетау мәдениет сарайының директоры Күміс Біләлова, Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры Мұратбек Оспанов,  «Достар» мәдениет сарайының директоры Тамара Малько мен директордың орынбасары  Сәуле Исақова да Алғыс хаттармен марапатталды.  Бұдан бөлек нақты нәтижелерімен  оқу орнының беделін көтеріп жүрген  Сандуғаш Қасымова, Мейіржан Әлменбаев,  Көгершін Шәшкенова, Жәнібек  Ерғалиев, Азамат Құсайынов мақтау грамотасына ие болды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар