Лайықты орны бар

Университет алғаш рет институт болып ашылып, солтүстік өңірге білім бағбандары – мұғалімдерді даярлай бастағалы бірге жасасып келе жатқан, жарты ғасырлық тарихы бар факультеттердің бірі – филология және педагогика факультеті.

Факультетте 6 кафедра жұмыс істейді. Олар «Қазақ филологиясы», «Орыс филологиясы», «Ағылшын тілі және орыс әдебиеті», «Педагогика, психология  және әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік  және жас ерекшелігі педагогикасы», «Шет тілдері».  Факультетте  5 ғылым докторы, 32 ғылым кандидаты,  1 PhD доктор, 60 ғылым магистрі  қызмет атқарады. Факультет  14 мамандық бойынша бакалавриат мамандарын, 7 мамандық бойынша  магистранттар  даярлайды. Екі мамандық бойынша докторантура бар. Факультет өз жұмысын атына, тарихына сай жалғастырып келеді. Жас мамандар мен факультет түлектері бүгінде елімізге мәлім ғалым-ұстаз аға-апайларының орнын басып, жемісті еңбек етуде. Университеттің  оқу ісі жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор А.Жақыпова, филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент  Р.Әміренова, филология факультеті деканының орынбасарлары, магистрлер  Г.Рыстина, А.Әшкенова, Г.Қайныкенова, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ө.Жұмағұлова, ағылшын тілі және оны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушілері, ф.ғ.к., А.Исмағұлова, ф.ғ.к. А.Жүкенова, шет тілдері  кафедрасының меңгерушілері, ф.ғ.к., доцент Л.Байманова,  ф.ғ.к. Ә.Дүйсенбина, орыс филологиясы кафедрасының меңгерушілері ф.ғ.к., Г.Фаткеева,  магистр А.Мұқашева, әлеуметтік және жас ерекшелігі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.Шаяхметова,  педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушілері, п.ғ.к., доцент С.Мурзина,  магистр Ж.Тасболатова тек ғылым саласында ғана емес, сонымен бірге, жетекшілік қызметті де өз деңгейінде алып жүре алатындықтарын көрсете білді.   
Факультет оқытушылары ғылыми ынтымақтастық бағдарламасы аясында Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Атап айтсақ, педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы халықаралық ынтымақтастық аясында И.Г.Петровский атындағы Брянск мемлекеттік университеті, Даниядағы  Роскильд  психология және білім беру университеті, В.Г.Белинский атындағы Пенза мемлекеттік педагогикалық университеті, Италия елінің Милан қаласындағы католик университеті, аквила университеті, Генуя университеті, Ұлыбританиядағы Плимут университеті, Ресейдегі Н.Ф.Катанов атындағы  Хакас мемлекеттік университеті, Болгариядағы София  мемлекеттік университеті сияқты шетелдік әріптестермен байланыс жасайды.  Университетіміз  2008  жылдан бастап  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  білім және ғылым саласын бақылау Комитетімен ұсынылған «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  Хабаршысы» ғылыми журналының филология сериясын шығарады. Бұл  журнал оқытушылар, магистранттар мен  студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін, қол жеткізген жетістіктерін  жариялап, пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Филология факультетінің негізін қалаған көптеген жастарды ғылымға баулып, тәрбиелеген, өте білімді, парасатты, ерекше зиялы,  білгендерін шәкірттерінен аямаған, есімдері ерекше аталатын нағыз ұстаз, респуб-лика деңгейінде белгілі ғалым-ағаларымыз профессор Оғаз Сұлтаняев ағамызға арналып, 2 жылда бір рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілсе, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ филологиясы кафедрасының алғашқы меңгерушісі, қазақ тілі және әдебиеті мамандығының негізін қалаушы  доцент Жағыпар Мұсаұлына арналып, 3 жылда бір рет республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Факультетте студенттер, магистранттар, оқытушылардың бірлескен ғылыми ізденісі барысында ғылыми мектептер қалыптасып, ғылыми-педагогикалық бірлестіктер жұмыс істейді.  Осындай ізденістің нәтижесінде  университеттің 20 жылдығы аясында «Шоқан тілі» сөздігін қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде  шығару туралы факультет кеңесінде шешім қабылданып, жұмыс тобы құрылып, зерттеу жұмысы жасалуда.  
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы түрлі халықаралық жобаларға белсенді қатысады.  Мысалы, филология ғылымдарының  қазақ филологиясы кафедрасының профессоры  Ә.Шапауов 2008-2013 жылдар аралығында  «Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қалыптасу тарихы», «Солтүстік Қазақстандағы қазақ халқы мен Ресейдің  Батыс Сібірдегі орыс халқының мәдени мұралары» тақырыбындағы  бірлескен Ресей-Қазақстан ғылыми-зерттеу жобаларына  қатысты.  Әлеуметтік және жас ерекшелігі кафедрасының ұстаздары жыл сайын өзін-өзі тану, педагогикалық шеберлік, мектепке дейінгі педагогика, инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады.  Қазақстанда, Испания, Болгария, Германия, Ресей сияқты  шет елдерде өтетін халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысады. Кафедра оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаттары А.Арғынов пен Р.Жұмақанова инклюзивті білім беру мәселесі аясында  семинарлар ұйымдастырып, өткізеді.  Осындай жұмыстың нәтижесінде  2015-2016 оқу жылы 40-тан астам мектеп мұғалімі, 36 балабақша қызметкері, 18 университет оқытушысы аймақтағы жалпы білім беру жүйесіне инклюзияны енгізу мәселелері бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.
2016 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің  негізінде филология ғылымдарының кандидаты, А.Шаяхметова мен магистр  Б.Иксатова  бастауыш және орта білім берудің  жаңартылған бағдарламасы бойынша дәріс алып,  жаңа бағдарламаның жаттықтырушылары атағына ие болып, сертификат алды. Факультет оқытушылары  әрбір студентті тұлға ретінде тәрбиелеп, болашақта бәсекеге қабілетті маман, әлеуметтік белсенді  әрі ұлтжанды  азамат ретінде қалыптастыруды өздерінің басты міндеті деп есептейді. Егемен Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті тұлғасын қалыптастыруға ұмтыла отырып, факультет оқытушылары студенттермен жұмыс жүргізу барысында қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбиеге көп көңіл бөледі.  Факультетте  жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту бағытында 3 үйірме, 2 танымдық клуб,  «Жастар»  театры,  2 пед-отряд,  дебат клубы, би ансамблі, вокал тобы, көңілділер мен тапқырлар клубы жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта  орыс филологиясы  кафедрасының «Друженька» фольклорлық үйірмесі, «Рубикон»  танымдық клубы,  қазақ филологиясы кафедрасының «Атамекен», «Жас қыран» үйірмелері, жастар  театры,  би ансамблі, вокал тобы  жұмыс істейді. Студенттер факультет, университет, облыс, республика деңгейінде өткізілген іс-шараларға белсенді ат салысуда. Мәселен,  2016 жылдың қаңтар айында педагогика, психология  және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Сандыктау балалар үйіне барып, іс-шара өткізді. 2015 жылдың  желтоқсан айында  Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ақындар айтысында факультет студенті М.Қоңқаев бас жүлдеге ие болды. Білім ордасының ұжымы мен түлектерін атаулы мерекемен құттықтай отырып, университетіміздің алдағы уақытта да  Қазақстанның ғылым және білім кеңістігінде мәртебесі биік болып, абыройы  аса берсін демекпіз.

Раушан ӘМІРЕНОВА,
университеттің филология және педагогика факультетінің
деканы,  филология ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар