Әлеуметтік қызметкерлер аянып қалмады

Аудандық орталық кітапхананың мәжіліс  залында «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» атағы үшін өткізілген байқау жиналғандар ойынан шықты.

Оған өңіріміздегі ауылдық округтерде еңбек етіп жүрген әлеуметтік саланың барлық қызметкерлері қатысты.  Байқаудың алға қойған негізгі мақсаты – өнерлі, тәжірибелі әлеуметтік қызметкерлерді анықтау, олардың  мәртебесін көтеру, жұмыс тәжірибесімен бөлісу, қоғамдық өмірге тарту  және ой өрістерін кеңейту.   Оның бірінші бөлімінде әлеуметтік қызметкерлер өзін таныстырса, екінші кезеңде  жеткен жетістіктерімен,  әлеуметтік қызметті қалай атқаратындығы жайында айтып  жұмыстарының барысын көрсетті.  Ал, үшінші бөлімде шығармашылық қабілеттілігін ортаға салды.   Әлеуметтік қызметкерлердің атқаратын жұмыстары қиын. Бірақ, соған қарамастан өзіндік қызық, жақсы жақтары да бар.  Жұмысқа  жан тәніңмен беріліп, жүрегіңнің мейірімімен, адал болуға тырысқан маман әрқашан табысқа жетеді. Бойыңда осындай  қасиеттер болмаса, әлеуметтік қызметте жұмыс істеу мүмкін емес. Себебі, атқаратын қызметіңнің бағыт-бағдары осындай ерекшеліктерді қажет етеді. Әлеуметтік қызметкерлер Гүлбаршын Исенова Есенкелді ауыл аймағындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып қызмет көрсетсе, мамандығы медбике Марина Нечепуренко жалғызбасты қарияларға және жасы 18-ден асқан мүгедек жандарға қарайласады.
Екі сағатқа созылған байқауда қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды  Нұрлан Шегірова алса,  екінші орын  Зәуреш Жүсіпбековаға, ал, үшінші орын  Маралка Нұралинаға берілді.  Шара соңында жеңімпаздарға  Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.   

Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар