Әлі де тиянақтылық жетіспеуде

 

Облыстағы елді мекендер аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударылуда.

 

Осы мақсатқа биылғы жылдың өзінде 3480,5 миллион теңге бөлінді. Оның 901,3 миллион теңгесі санитарлық тазалыққа және 2579,2 миллион теңгесі абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталды. Көктемгі-күзгі шаралар аясында облыстың елді мекендерінде көше жарығының бағаналарын әктеу, бояу, жолды жөндеу, қалалық билбордтар мен жол белгілерін жөндеу, аялдаманы бояу тәрізді жұмыс жүргізілуде.
Жұмыссыз адамдардың бригадалары көшелерді қоқыстан тазартуда. Қоқыс шығару және қордаланған қоқысты жою шаралары жүргізілуде. Өткен жылғы айлық аясында 182 иесіз ғимарат бұзылды. 114 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ақылы жұмыстарға 2276 адам тартылды. Ісі ширақ Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Ерейментау аудандарының ұйымдастыру жұмысын атап өткен жөн. Дегенмен, санитарлық, құрылыс пен абаттандыру нормаларын сақтаудың бақылауы өте төмен екендігін де жасыруға болмайды.
Бұл бағытта тиісті департаменттер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысын нығайтып, заң бұзушыларға талапты қатайту, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі кодекске сәйкес, айыппұл санкцияларын қолдану қажет. Егер ішкі істер органдарымен абаттандыру ережесін бұзудың 5588-ден астам ісі анықталса, 4,8 миллион теңгенің 88 ісі қалпына келтірілген. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар мүлдем ұйымдастырмаған. Облыс әкімінің шешіміне  сәйкес, 17 сәуірден бастап облыстағы елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың көктемгі айлығы жарияланды. Қала мен аудан әкімдеріне жоспарланған жұмыс көлемін анықтау, айлық шараларын жасап, орындалуын қамтамасыз ету, елді мекендерді тиісті санитарлық тәртіпке келтіру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды тарту мақсатында насихат пен үгіт жұмысын ұйымдастыру тапсырылды.
Ол үшін жергілікті жерде коммерциялық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуын, тұрғындар бастамасын жүзеге асырудың үздік тәжірибесі жөнінде қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы шараларын өткізу барысын бақылап, абаттандыру нысандарына жауапты жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын бекіту қажет. Облыстық мемлекеттік органдардың басшылары бекітілген елді мекендер аумақтарындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру айлығы шараларын өткізу барысын бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Облыстық мемлекеттік құрылымдардың басшылары қарамағындағы нысандар мен ұйымдарға бекітілген. Елді мекендер аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы шараларын өткізу барысын үйлестіру мен бақылау үшін абаттандыру нысандарына облыстық мемлекеттік органдардың басшылары бекітілді. Қала мен аудандардағы елді мекендердің қанағаттандырмайтын санитарлық жағдайына орай арыз-шағым жиі түсуде. Абаттандырудың заң бұзушылығы, қордаланған қоқыс үйіндісі көп-ақ. Бурабай, Целиноград және Шортанды аудандарында қордаланған қоқыс үйіндісін жою жұмысы жеткіліксіз жүргізіледі.
Қала мен аудан әкімдіктеріне тиісті тәртіпке келтіру, көгалдандыру бойынша қоғамдық ұйымдарды, коммерциялық құрылымдарды және тұрғындарды жұмысқа тарту мақсатында насихаттауды БАҚ арқылы жарыққа шығаруды ұйымдастыру ұсынылды. Аумақты, көше мен аулаларды санитарлық тазалау жұмысын бюджеттен бөлінген қаржы аясында кәсіпорындар мен коммуналдық қызметтер атқарады. Бүгінгі таңда басқарма  елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу жөнінде шаралар жоспарының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізе бастады. Абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу мәселесі басқарманың бақылауында тұр. Айлықты аяқтау қорытындысы бойынша шараларды жүзеге асырудың тиісті ақпараты ұсынылады.

Виктор РАДЧЕНКО,
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар