Әліппе

Әліппе

 Әдемі суреттер,
Әдемі әріптер.
Мама, сен маған да,
«Әліппе» алып бер.
Кірлетпей ұстаймын,
Сыртын да тыстаймын.
Мектепте әріпті,
Үйрене бастаймын.

 

Білімге жол

 Он бес бала, он бала,
Отырады партада.
Мұғалімде құлағы,
Ал, көздері тақтада.
Құштарлықтың бастауы,
Бәрін баурап алады.
Білгісі кеп құлындар,
Білімге жол салады.

 

Сыныпта

 Жетідегі балалар,
Біріншіге барады.
Сегіздегі балалар,
Екіншіге барады.

Бес алғанда атасы,
Қуанып бір қалады.
Бес алғанда әжесі,
Қуанып бір қалады.

Мұғалімі риза боп,
Таудай дейді талабы.
Осы бетпен бәрі де,
Жақсы оқыса жарады!

 

Сабақта

 Сұрап жатыр мұғалім,
Үйге берген сабақты.
Шақыра ма тақтаға,
Бұға түскен Таңатты?!.

Зәресі ұшып бұл жолы,
Уһ, әйтеуір құтылды.
Кітап бетін ашпаса,
Дей бер, ертең тұтылды!

 

Жексенбі

 Апта бойы тостырып,
Жексенбі де келеді.
Үй жинайды Алуа,
Сосын коньки тебеді.
 Бәрінен де бұл күні,
Ұйқысы бір қанады.
Жаңа күшті сабаққа,
Жинап-жинап алады!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар