Ұлт жоспары –бәрімізге меже

Алдағы даму бағыттарымызды айқындаған Ұлт Көшбасшысының  бес институттық реформасын іске асыру  біздің жаңа биіктерді бағындыруымызға жол ашады.

Сол реформаларды жүзеге асыруға арналған нақты жүз қадам біздің алда атқарар істерімізді белгілеп берді. Бұл жолы да бірліксіз тірліктің болмасын ескерген Елбасы  тұтастықты сақтауға айрықша көңіл бөліп отыр.
Мемлекет басшысы қазақ-стандықтардың біртектілігі мен біздегі азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін Ассамблеяның  «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын  әзірлеу қажеттігін айтты. Ол бір жағынан, мемлекеттің бас-ты тірегі саналатын отбасы инс-титутын дамытып, сол  арқылы тұтастай елді нығайтуға жол  ашады. Ал,  екінші жағынан, жоба  біздегі  туристік кластерді дамытумен  байланыстырылатындықтан,  осы саладағы әлеуетімізді өзгеге барынша паш етуге мүмкіндік береді.  Бұл тұрғыда  «Қазақстанның Швейцария-
сы» атанып кеткен, Арқаның кербез сұлу Көкшетауының тамылжыған табиғатын жұртшылыққа көрсетуімізге  мықты тетік болардай. Мен технологиялық  жобалар сериясын жүзеге асыруды көздейтін «Менің елім» ұлттық жобасы да отандық туризм жауһарларын  насихаттауды ғана емес, сол арқылы біздің өз туған жерімізге деген мақтанышымызды  оятуға  түрткі боларына бек сенемін.
Бұдан басқа,  «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын  қалыптастыруды одан әрі жалғастырып,   тек тынымсыз еңбектің ғана толағай табыстарға жетелейтіндігін жастарға айтып жеткізу, өз мысалымызда көрсету,  бұл  жолда  бүгінгінің батырларын, яғни, әр салада  жетістікке жеткен  тұлғаларымызды нақты мысал ету идеялары  да  біздің жұмысымыздың қай арнада өрбуі қажеттігін меңзеп тұрғандай. Ендеше, «Нұрлы жолмен» жүріп, Мәңгілік елді мұрат еткен еліміздің өркендеуі біздің әрбірімізге, әр қазақстандыққа тікелей байланысты екендігін естен шығармай, жұдырық болып жұмыла білейік демекпін.
Мударис АБДУЛЛИН,
«Көкшетаудағы татар мәдениетінің орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар