«Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының оныншы – «Ұлттық тарих» күні «Достар» мәдениет сарайында өткен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» қалалық слеті Тұңғыш Президент күніне арналды

 «Жасұландықтар» қатары толықты

 

Аталған іс-шараға облыстық білім басқармасының, Көкшетау қалалық білім бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының, «Жұлдыз» жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі республикалық кеңесінің өкілдері қатысып, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент күндерімен құттықтады.


Қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов балалардың игі бастамаларына, әлеуметтік жобалар жазып, олардың білімге, ғылымға ден қоюларына ризашылығын білдірді. Бұдан соң ол «25 қайырымды іс» әлеуметтік жобалар конкурсының жеңімпаздарына қала әкімінің атынан дипломдар табыс етіп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.  
Жеңімпаздар қатарында бірінші орынға ие болған Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясының оқушысы Ермек Рәшитов, №1 орта мектептің оқушысы Нұргүл Беркімбай және №7 орта мектебінің оқушысы Зәмзәгүл Хамза бар. Сол сияқты іс-шарада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік нышандары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған жасөспірімдер арнайы дипломдармен марапатталды.
 Олардың қатарында бас жүлдені иеленген №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының оқушысы Денис Бушуев, бірінші орын алған №18 орта мектебінің оқушысы Абай Райымбеков, екінші орынға қол жеткізген №4 орта мектебінің оқушысы Вероника Тыркова, үшінші орынды қанағат тұтқан №8 орта мектебінің оқушысы София Ивановалар бар.  
Слетте облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Закиров сабақтарын жақсы оқитын белсенді оқушыларды балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдады.  Қазіргі таңда облыста 43 мыңнан астам жасұландық бар.  

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар