Ұлы Жеңіске арналған 70-інші эстафета

Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жыл толуына   орай, қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі жеңілатлеттер эстафетасы өткізілді.

 

Биыл осымен 70-ші рет өткізіліп отырған эстафетаның ашылу салтанатына қатысқан әрі Тәуелсіздік алаңында көпшілікпен бірге жүгіріп өткен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жиналғандарды осы спорт мерекесімен құттықтап, сайысқа түскелі отырған командаларға жеңіс тіледі.
Ұйымдастыру алқасынан сұрастырып білгеніміздей, эстафетаға барлығы 51 команда қатысты. Сөйтіп, 600-ден астам оқушылар мен студенттер, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен құралған командалар жарыс жолында бақтарын сынады. Жоғары оқу орындары арасында қыздар эстафетасында командалық есепте Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің құрама командасы бірінші, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы екінші орындарға тұрақтады. Ал, ерлер арасында ең үздік көрсеткішке тағы да Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің командасы қол жеткізсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері жүлделі екінші орыннан көрінді.
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары арасында бірінші орынды Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжі жеңіп алса, екінші орынды №1 құрылыс-техникалық колледжі қанағат тұтты. Ал, орта мектептер, гимназиялар және лицейлер арасында жүлделі орындарды Көкшетау қаласындағы №6, №17, №1 орта мектептерінің оқушылары өзара бөлісті. Жеңімпаздар кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар