Мұрасы мәңгі жасайды

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Абай – ұлы ақын, ойшыл және ағартушы» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Семейге барған сапарында ұлы ақынымыз Абайдың өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау қажеттігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының бұл сөздері бүгінде жүзеге асып, халқымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы дара тұлғаның
мерейтойына арналған іс-шаралар аясында жұртшылыққа Абай мұралары жайлы көптеген тың мағлұматтар берілуде. Сол сияқты, облыстық кітапханада өткен дөңгелек үстел мәжілісінде де «Абай және Науан Хазірет», «Абай және орыс әдебиеті» сынды тақырыптар әңгіме өзегіне айналды. Бас ақынымыздың орыс тілінен аударған шығармалары жайлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ғосман Төлеғұл баяндама жасаса, Көкшетаудағы №14 орта мектептің 11 сынып оқушысы Виктория Грудина Абайдың «Жүрегім мені сезесің» атты өлеңін жатқа оқыды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова мерейтой аясындағы іс-шаралар мұнымен бітпейтіндігін, қыркүйек айында бұдан да кең ауқымды жиын болатынын хабарлады. «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді» демекші, өзі ортамызда жүрмесе де, ұрпағына өшпес мұра – отты жырлары мен өсиетке толы шығармаларын қалдырған біртуар перзентін еліміз қанша мадақтаса да, артықтық етпейді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар