Мұражай сөрелеріне қойылуда

Көкшетауда «Мұражайға жәдігер сыйла» акциясы өтуде. Аталмыш акция шеңберінде қала тұрғындары көне жәдігерлерді мұражайға тапсыруда.

 

Жыл басынан мұражай қоры 100-ден астам тарихи құнды жəдігерлерге толыққан. Олардың арасында өте сирек кездесетін тұрмыстық заттар да бар. Соның бірі – «Мотылек» шабадан арбасын қала тұрғыны Анар Елемесова Көкшетау қалалық тарихи мұражайына тапсыруды жөн деп шешті.
Аталған мұражайдың бөлім басшысы Айнаш Сəдуақасованың айтуынша,  ыңғайлы шабадан арба  1960 жылы шығарылған. Бұл салауатты өмір салтын ұстанған ата-аналарға, қоғамдық көліктерде, метро жəне таза ауа аясына демалуға шығуға арналған. Сол кездегі оның бағасы 40 рубль тұрған. Оның өзі тек қалталы, жағдайы бар адамдар ғана сатып алатын болған.
Жалпы, акция басталғаннан бері еліміздің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін материалдық, рухани заттар мұражайға көптеп əкелінуде. Олардың ішінде археологиялық және этнографиялық экспедиция кезінде алынған дүниелер де бар. Осы күні акция одан əрі жалғасуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар