Мəскеуге әуе рейсі ашылды

Өткен жексенбіден бастап Көкшетау-Мәскеу аралығында жолаушылар ұшағы қатынайтын болды.

Мәскеуден ұшып келген алғашқы рейсті қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырxанов, әуежай әкімшілігі мен журналис-тер қарсы алды. Бүгінде Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет  ішкі әуе рейстері қатынайды. Оған қоса, ағымдағы жылдың 5-ші мамырынан бастап, Шымкент-Көкшетау əуе бағыттары қалпына келтірілді.  Бұл әуе сапарлары аптаның жұма, жексенбі күндері СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жолы Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы əр жексенбі сайын «Авиа-компания S7» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы  самолеттері арқылы Мəскеудің  «Домодедово» əуежайына  тікелей əуе рейсі ашылып отыр.
 – Енді көкшетаулықтар аптаның əр жексенбі күндері «S7 Airlines» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы  самолеттері арқылы Мəскеудің «Домодедово» əуежайына  тікелей ұшып бара алады, – дейді «S7 Airlines»  əуе компаниясының өкілі Александр Завражин.
Әуежай мамандарының айтуынша, ұшу уақыты 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мың теңге. Оның ішінде жеңілдіктер де қарастырылған. Алғашқы рейспен Мəскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келді. Ал, Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанады. Жолаушылардың алаңсыз ұшуына барлық жағдай жасалған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар